Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Журналист Темірлан Еңсебекке 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы кесілді

Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты QazNews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекке үкім шығарды.

Сот отырысы
Фото: сот залынан

Алматы, NEGE. Сот оны кінәлі деп танып, 5 жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

«Сотталушының кінәсі іс материалдарымен, соның ішінде сот-психологиялық және филологиялық сараптама қорытындысымен, жауап алу хаттамаларымен және заттай дәлелдемелермен дәлелденді. Сот отырысының қорытындысы бойынша, қылмыстық іс материалдарын зерттеп, тараптардың сот жарыссөздерінде айтқан ұстанымдарын ескере отырып, сот сотталушыны аталған әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп таныды», — деп хабарлады соттан.

Сот шешімімен, айыпталушы белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 5 жылға бас бостандығынан шектелді.

Темірлан Еңсебек өз кінәсін мойындамайтынын мәлімдеді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Темірлан Еңсебектің үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни алауыздықты қоздыру») бойынша іс қозғалған. Сотта прокурор Дидар Қабаев айыптау қорытындысын оқып, Темірлан Енсебекке қатысты қылмыстық қудалау 2024 жылғы 21 қаңтарда жарияланған посттан кейін басталғанын мәлімдеді. Сол күні ол сатиралық Qaznews24 парақшасында «Қазақстандық рэперлер Тина Канделакиге жауап қайтарды» деген тақырыппен жазба жариялаған. Жазбаға «Йоу, орыстар» атты ән қоса салынған еді.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауында Корея мен Жапониядағы қазақстандықтар алғашқы болып дауыс берді

Құрылтай сайлауы

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.