USD
USD
USD

Журналист Дана Орманбаеваға халықаралық іздеу жарияланды

  Оның үстінен ұлтаралық араздықты өршіту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.  

халықаралық іздеу
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бүгін қазақстандық журналист, продюсер және қоғам қайраткері Дана Орманбаеваға әлеуметтік желіде ұлтаралық араздықты қоздыру ісі бойынша халықаралық іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті жария етті. 

Алматы полиция департаменті тергеу басқармасымен Орманбаеваға қатысты «ұлтаралық алауыздықты өршіту фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын» атап өтті.

– Сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына сырттай санкция берді. Сонымен қатар күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды», – деп хабарланды Алматы қалалық полиция департаментінен.

Журналист қазір басқа елде тұрып жатыр. Еске сала кетсек, 2024 жылдың сәуірінде алматылық тұрғынның әлеуметтік желідегі ұлтаралық араздықты қоздыру белгілері бар қысым мен балағат сөздерге толы пост туралы арыз-шағымынан кейін полиция Дана Орманбаеваға қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын.

Ол Instagram-дағы stories-і арқылы басқа біреудің атына әдепсіз сөздер жазып жариялады.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы