USD
USD
USD

Журналист Ботагөз Омароваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Журналист Ботагөз Омарова «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС мен оның директоры Азамат Өсімбековтің қызметіне қатысты таратқан мәліметтерін теріске шығару хатын жариялап, кешірім сұрады.

Ботагөз Омарова
Фото: facebook.com/botagoz.omarova

Астана, NEGE. Журналист ақпараттық-теріске шығару мәлімдемесін 22 мамыр күні желідегі парақшаларында жариялады.

«Мен, Омарова Ботагөз Көшкінбайқызы, кәсіби журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі ретінде, осы хат арқылы «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС мен оның директоры Азамат Усімбековтің қызметіне қатысты өзім таратқан мәліметтерді ресми түрде теріске шығарамын», – деп жазды Ботагөз Омарова.

Ол бұған дейін Астанадағы ат спорты кешенінің құрылысы кезінде компанияның мердігерлер алдындағы қарызы туралы шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратқанын айтып, компания өкілдері мен құрылтайшыларынан, сондай-ақ өз оқырмандарынан кешірім сұрады.

Еске салсақ, журналист Ботагөз Омарова 20 наурыз күні «көрінеу жалған ақпарат тарату» бабы бойынша жүргізіліп жатқан сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жауап беру үшін полицияға шақырылған. Алайда оның процессуалдық мәртебесі «күдікті» деп ауыстырылып, 21 наурызға қараған түні сот шешімімен екі айға үйқамаққа алынды. Полиция оған қатысты «көрінеу жалған ақпарат тарату» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын хабарлады. Кейін журналистің «ВД Строй-Инжиниринг» ЖШС туралы жариялаған материалдары үшін тергеуге алынғаны мәлім болды.

13 мамыр күні ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов Омароваға қатысты тергеу аяқталғанын және жақын арада іс сотқа жолданатынын хабарлаған болатын.

Қазір оқып жатыр

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ

«Қазақмыс» жұмысшыларының талабын арнайы комиссия қарайтын болды

Қазақмыс