USD
USD
USD

Жүргізуші куәлігінен айырылған ер адам мас күйде өзгенің көлігін айдап кеткен

Алматы облысында 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылған азамат мас күйде өзгенің көлігін айдап кетіп, жол-көлік оқиғасын жасады. Полиция күдікті азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Облыс орталығының полицейлері тоқтап тұрған көлікпен соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру барысында соқтығысуға себепкер болған жүргізушінің мас күйінде болғаны, сонымен қатар осыған ұқсас құқық бұзушылық жасағаны үшін 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.

 – Қазіргі таңда Қонаев қалалық полиция басқармасында көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару, сонымен бірге көлікті айдап кету фактілері бойынша екі қылмыстық іс қозғады. Ұсталған азамат заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр, – деп атап өтті Алматы облыстық ПД.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда туған 22 мыңнан астам медбике шетелде жұмыс істейді – ЭЫДҰ

Дәрігер мен науқас

Тоқаев пен Димаш әлемдегі ең ықпалды 500 мұсылманның тізіміне енді

Тоқаев және Димаш

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова