USD
USD
USD

Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті өртеп жіберген қылмыстық топ ұсталды

Түркістан облысында адам өлтіріп, көлік тонаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті өртеп жіберген қылмыстық топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ордабасы аудандық ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ағасының «Мазда-626» автокөлігімен жұмыстан шығып, әлі күнге дейін үйге қайтып келмегені туралы арызданған. Із-түзсіз жоғалған адамды іздеу шаралары барысында жоғалған адамның автокөлігі Шымкент қаласының шетінен табылған. Кейіннен полицейлер жүргізушінің өртенген мәйітін Ордабасы ауданы Шұбарсу ауылының маңынан тапты. Ауыр қылмысты ашу үшін тәжірибелі қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы құрылды. Бір аптадан кейін Түркістан облысының ПД криминалдық полиция қызметкерлері, Ордабасы аудандық ПБ және «Бүркіт» арнайы жасағымен бірге осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жамбыл облысынан келе жатқан «ВАЗ» автокөлігін ұстады.

Олар бұрын бірнеше рет сотталған Түркістан облысы мен Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Төртеуі де жас жігіт. Тергеу барысында күдіктілердің екеуі Шымкент қаласы көшелерінің бірінде жәбірленушінің көлігін тоқтатып, бір жерге апарып тастауды сұрағаны, діттеген орынға келгеннен кейін жүргізушіге шабуыл жасап, тұншықтырып өлтіріп, оның ұялы телефонын алып кеткені, ал мәйітті қала сыртына шығарып өртегені анықталды. Қаскүнемдер бұл қылмысымен тоқтап қалмай, тағы екі серіктесімен бірге Ордабасы ауданындағы тас жолда «ВАЗ» автокөлігінің жүргізушісіне шабуыл жасап, 45 мың теңгелік барсеткасын тартып алған. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) және 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалы жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр

Қазір оқып жатыр

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді

Депутат

Мотокросстан Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтеді

мотокросс

Сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Қазыбек Оспанов

Астанада тұрғын үй кешенінің төбесінен құлап кете жаздаған жігіт қамауға алынды

Жас жігіт