2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Жүргізушілерге енді құжат қажет болмауы мүмкін

Қазақстандық жүргізушілер өздерімен бірге жүргізуші куәлігін, техпаспортын, сақтандыру және техбайқау құжаттарын алмай жүретін болуы мүмкін, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Жүргізушілерге енді  құжат қажет болмауы мүмкін
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысының тапсырмасымен тиісті норманы енгізіп, жүргізушіге міндетті түрде құқығын растайтын құжаттарды алып жүру ережесін алып тастағалы жатырмыз. Жеке куәлігі болса болды. Себебі қалған құжаттардың бәрін біз планшет арқылы көріп отырамыз. Жүргізушінің қандай көлігі бар, қанша сенімхат жазылды, сақтандыру полисі қашан аяқталады, техникалық тексерістен қашан өтті, айыппұлы қанша – бәрі де планшетте көрініп тұрады», - деді Тұрғымбаев сәрсенбі күні ҚР парламенті мәжілісінің отырысында.
Бұл ретте ол атап өткендей, аталмыш норма тек Қазақстан аумағында ғана қолданылады, ал ел аумағынан тыс жерде жүргізушінің барлық құжаты болуы тиіс.
«Сонымен қатар біз планшеттердің бәрін қазір көшедегі видеокамералармен интеграциялап жатырмыз. Соңғы кездері нөмірсіз жүрген бірде-бір автокөлік жоқ. Тәртіп бұзылғаны байқалса камера бірден кезекші операторға белгі жібереді, патрульдік машина сол жерге шығып, аталмыш көлікті тоқтатады. Оған қазір бүгінгі таңда нөмірді жабатын немесе ауыстыратын тор жоқ, себебі мәліметтер базасында ол көліктің түсі, нөмірі жазылған. Егер ол сәйкес келмесе белгі келеді яғни сол арқылы біз көліктерді басқа біреулердің айдап кетуін азайттық», - деді Тұрғымбаев.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің отбасыларына жиналған қаражатты арнайы комиссия бөледі

Бозымбаев

«Жауапкершіліктен жалтармаймыз»: Қорғаныс министрі Каспийдегі трагедиядан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрі

Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына кім және қандай көмек көрсетпек?

Қаза тапқан әскерилер

Рөлі істен шығуы мүмкін: Volkswagen мен Audi-дің 900 мыңға жуық көлігі кері шақырылды

Көліктер