USD
USD
USD

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп тұрғындарды алдаған алматылық қыз ұсталды

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп тұрғындарды алдаған алматылық қыз ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп тұрғындарды алдаған алматылық қыз ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция қызметкерлері анықтағандай, 24 жастағы Г. есімді азаматша жәбірленушілерге құжат рәсімдеуге көмектесемін деп алдап, алаяқтық жолмен ақшасын алған.

– Жәбірленушілер ірі көлемде ақша бере отырып, мұның алдау екенін елестеткен де жоқ. Қазіргі уақытта біздің бөлімшеде осыған ұқсас үш дерек тіркелді. ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторында отыр. Тергеу қыздың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр, – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қала полицейлері азаматтарға сақ болуға және ақылы түрде күмәнді қызметтерді уәде еткен бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт