USD
USD
USD

Жүргізуші куәлігін алып беремін: Алматы тұрғындарын алдаған күдікті ұсталды

Жүргізуші куәлігін алып беремін деп Алматы тұрғындарын алдаған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүргізуші куәлігін алып беремін:  Алматы тұрғындарын алдаған күдікті ұсталды
Фото: NEGE.kz

Бостандық ауданының полицейлері тағы бір жүргізуші куәлігін “алып берушіні” ұстады.

– Тергеудің осы кезеңінде 26 жастағы Ж.есімді азамат кем дегенде шаһардың алты тұрғынын алдады деген күдікке ілінді. Жәбірленушілердің айтуынша, күдікті өзін ХҚКО қызметкерімін деп таныстырып, жүргізуші куәлігін алуға көмектесуді ұсынған. Күдікті өз қызметін 150 мың теңгеге бағалаған. Жедел шаралар жүргізілді. Күдікті ұсталды. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.

Полиция алданғандардың көп болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Күдіктінің қылмыстық әрекетінен зардап шеккен азаматтарды тәртіп сақшылары мына телефон нөмірлері бойынша хабарласуларын сұрайды: 8-702-160-06-34.

Қазір оқып жатыр

Қырғызстанда фемицид үшін Қылмыстық кодекске жеке бап енгізу ұсынылды

фемицид

Алматыда жас қыздың үстіне қураған ағаш құлады: полиция қылмыстық іс қозғады

Қылмыстық іс

Алматы соты «журналистерді қамап қойды» деген ақпаратты теріске шығарды

журналистерді қамап қойған

Маңғыстаудағы ауылдардың бірінде сексеннен астам үйдің ауласын су басты

су басу