Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жүргіншіні қағып, ізін суытқан

Ақмола облысында жаяу адамды қағып, кейін оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Жүргіншіні қағып, ізін суытқан
Фото: NEGE.kz

.

Алматы, NEGE. 2020 жылғы қыркүйектің 3-де түнгі сағат 23:30 Бұланды аудандық полиция бөліміне Нұр-Cұлтан қаласының 33 жастағы тұрғыны хабарласып, Макинск қаласының маңында ер адамның жатқанын айтқан. «Айтылған жерге жеткен тәртіп сақшылары «Нұр-Сұлтан – Петропавл» тас жолының 196 шақырымында ер адамды белгісіз көлік қағып кеткенін анықтаған. Ер адам Шортанды қаласының 31 жастағы тұрғыны автобанды қиып өтпек болған. Жол апатынан ол аудандық аурухананың жансақтау бөлімшесінде көз жұмды. Сот-медициналық сараптама оның жол апатынан алған дене жарқатынан көз жұмғанын анықтады», - деді ведомстводан. Қашқан жүргізушіні іздестіру шарасына Бұланды аудандық ПБ жеке құрамы, Ақмола облыстық ПД жол-патрульдік батальоны мен күштері тартылды. «Осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345 және 347 баптары бойынша екі іс қозғалды. Іздестіру шарасы кезінде қыркүйектің 6-да 1971 жылғы жүргізуші ұсталды. Сонымен бірге, соққан адамның қаны жұққан «Мерседес 709» шағын автобусы алынды. Қазіргі кезде, бірқатар сарапта тағайындалып, жедел-тергеу шаралары одан әрі жалғасуда», - деп толықтырды ведомство өкілдері.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.