19 Желтоқсан 18:23
...

"Жүрек жылуы" конкурсының жеңімпаздары марапатталды

Атырау облысы әкімдігі
Фото: Атырау облысы әкімдігі

Атырауда алғаш рет мүгедектігі бар азаматтарды қолдау және олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған «Жүрек жылуы» конкурсы өтті.

Байқау нәтижесінде үздік деп танылған қатысушыларды Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов салтанатты түрде марапаттап, жылы лебізін білдірді.

Атырау облысы әкімдігі
Атырау облысы әкімдігі

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында әлеуметтік әділеттілік пен инклюзивті қоғам құру – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін атап өткен еді. Мүгедектігі бар азаматтардың өмір сапасын арттыру, олардың білім алуы, еңбекке араласуы мен шығармашылық әлеуетін дамыту – біздің ортақ жауапкершілігіміз. "Жүрек жылуы" конкурсы да соның бір дәлелі. Бұл байқауға қатысқан әр үміткер – біз үшін жеңімпаз. Рухтың күші мен жігердің қуатын паш ететін, өмірге деген құштарлықты үлгі ететін бүгінгі шарада сіздерге алғыс айтамын», – деді облыс әкімі С. Шәпкенов.

Атырау облысы әкімдігі
Атырау облысы әкімдігі

Конкурсқа қатысушылар арасында Тыныш Дүйсешқызы да бар. Ол өзінің белсенділігімен, қайырымды іс-әрекеттерімен танымал, жылдар бойы мүгедектігі бар балалардың өнерін ұштауға үлес қосып келеді. Тыныш Дюсешқызының еңбегі лайық бағаланып, «Мейірімді жүрек» номинациясы бойынша марапатталды.

Атырау облысы әкімдігі
Атырау облысы әкімдігі

Сонымен қатар «Шабыттандырушы отбасы», «Спорттық жігер», «Жыл таланты», «Жыл серпіні», «Жыл көшбасшысы» және «Жыл маманы» номинациялары бойынша үздіктер анықталып, оларға диплом мен арнайы сертификаттар табысталды.