Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жүрдек пойыз рельстен шығып, машинист қаза тапты

 Қытайдың Гуйчжоу провинциясында жолаушылар мінгескен жүрдек пойыз лай көшкіні салдарынан рельстен шығып кетті.

Жүрдек пойыз рельстен шығып, машинист қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Салдарынан бір адам қаза тауып, сегізі жарақат алды, деп хабарлайды CCTV. Пойыз Гуйян қаласынан (Гуйчжоу провинциясы) Гуанчжоуге (Гуандун провинциясы) бет алған. Апат Жунцзян станциясында болды. Онда кенет лай көшкіні болып, темір жолды басып қалған. Төтенше жағдай салдарынан жолаушылар пойызының екі вагоны рельстен шығып кетті. Қытай орталық телеарнасының мәліметінше, қаза тапқан адам пойыздың машинисі болған, сондай-ақ 8 адам жарақат алған.  Жараланғандар ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді. Қалған 136 жолаушы шұғыл эвакуацияланды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Бозымбаев: Қарағанды облысы жылыту маусымына 15 қыркүйекке дейін дайын болуы тиіс

.

Жемқорлық туралы хабарлаған қазақстандықтарға 17,3 млн теңгеге дейін сыйақы берілмек

сыйақы

«Самұрық-Қазына» ERG арқылы табыс табуы мүмкін – сарапшы

ERG

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай ағаның парақшасындағы бейнежазбадан алынған кадрлар