USD
USD
USD

Жұмыстағы харассмент үшін жауапкершілік енгізілуі мүмкін

Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында жұмыстағы харассмент мәселесі қозғалды, деп хабарлайды Kazinform.

Жұмыстағы харассмент үшін жауапкершілік енгізілуі мүмкін
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әйелдер құқығы туралы айтсақ, жұмыс жағдайындағы харассмент үшін жауапкершілік енгізуді ұсынып отырмыз. Сондай-ақ, әйелдің денсаулығына бірнеше рет зиян келтіріп, бірнеше рет қол көтеру әрекеттерін ішінара криминалдандыру ұсынылуда. Мұндай норма да бар. Оның үстіне біз теңгерім сақтауға тырыстық. Криминалсыздандыру төңірегіндегі пікірталас әлі жүріп жатыр. Ұстанымдар өте көп. Кейбір профессорлар бір ұстанымда болса, Ішкі істер министрлігінің өз ұстанымы бар. Бірақ ол мәселенің шешімін таппай келе жатқаны анық. Біз жүйелі түрде немесе бірнеше рет әйел құқығын бұзғандардың әрекетін криминалдандыруды ұсынып отырмыз», - деді Асхат Аймағамбетов.

Заңнамаға ұсынылып отырған өзгерістердің қатарында үйбұзарларды отбасынан арнайы орталыққа оқшаулау шарасы да бар.

«Әдетте тұрмыстық кикілжіңнен кейін әйелді баласымен оқшаулайды. Ал күш көрсетуші үйде қалады. Алаңсыз өмір сүре береді. Әйел пана іздеуге мәжбүр. Сондықтан депутаттар күш көрсетушіні үйден оқшаулауды ұсынып отыр. Сонымен бірге оған тиісті жағдай жасалуы керек», - деді депутат.

Қазір оқып жатыр

Ресейдегі жанармай тапшылығы: тасымалдаушылар Қазақстан бағытын қарастырып жатыр

Жүк тасымалдаушылар

«VIP-клиенттерге есірткі әзірлеген»: Алматы облысында қылмыстық смеха әшкереленді

есірткі

Қазақстан екі халықаралық банктен 460 млрд теңгеден астам қарыз алады

ақша

Батыс Қазақстан инвестиция тартуда қандай артықшылықтарға ие?

БҚО, инвестиция