USD
USD
USD

Жұмыссыздық туралы анықтаманы қайдан алуға болады?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтама беру қызметін енгізді.

Жұмыссыздық туралы анықтаманы қайдан алуға болады?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұрын жұмыссыз ретінде тіркеу туралы анықтаманы алу үшін халықты жұмыспен қамту орталығына міндетті түрде жеке өтініш беру қажет еді. Бұл ретте анықтама бір күн ішінде қағаз түрінде берілді. Енді анықтаманы egov.kz арқылы онлайн тапсырыс беріп алуға болады.

«Біз әлеуметтік еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді талдаған кезде барлық мүмкін анықтамаларды электрондық форматқа аударатын боламыз, себебі қандай да бір инстанцияда анықтама беру бойынша қызмет көрсетудің өзі аса қиын процесс емес. Оларды алу үшін азаматтарға, мысалы жұмыспен қамту орталығына баруға тура келді. Енді цифрландыру арқасында жеке барып өтініш берудің қажеті жоқ. Мұндай форматтың негізгі артықшылығы бұл анықтаманы кез келген жерден алуға болады, ең бастысы интернетке қолжетімділік болу керек. Болашақта мемлекеттік органдар базасында ақпарат бар болса, анықтама алудан бас тартқымыз келеді», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нариман Мұқышев.

Электрондық үкімет порталында анықтама алу үшін басты бетте «Қызметтер» батырмасы бойынша басу керек, әрі қарай «жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөліміне өту керек. Қызметті таңдау арқылы авторизациялану, өтінімді толтыру және оны электрондық цифрлық қолтаңбамен немесе смс-парольмен куәландыру қажет. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама бірден жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде пайда болады.
 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Дархан Сатыбалды

27 наурызда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс

Вице-президент институты: басты фавориттер кімдер?

.

«BAE Systems» Питер Фостермен бірге кетті. Бізді НЕГЕ қызық кезең күтіп тұр?

airastana.com