USD
USD
USD

Жұмыссыздық деңгейі соңғы 11 жылда болмаған деңгейге жетті 

 Коронадағдарыс бұдан да зор соққы беруі бек мүмкін, деп хабарлайды «Хабар». Өйткені үкіметтің жұмыс орындарын сақтап қалуға бағытталған бағдарламасы тоқтайды. 

Жұмыссыздық деңгейі соңғы 11 жылда болмаған деңгейге жетті 
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Локдаунның соңғы төрт айында осыншама адам жұмыс орнынан айрылған. Бұл 2009 жылдан бері болмаған рекордтық көрсеткіш. Әсіресе, өзін өзі жұмыспен қамтығандар, 65 жастан жоғары британиялықтар және жас буын өкілдері зардап шегіп отыр.

Лейборшылар партиясының көшбасшысы Кир Стармер: "Біз Еуропа бойынша кісі өлімі өте көп тіркелетін мемлекетпіз және рецессия бойынша да алда келеміз. Үкіметтен қандай стратегия қолға алғандығы туралы сұрауымыз керек" деді.

Біріккен Корольдік мұндайды бастан кешірмеуі тиіс еді. Шенеуніктер болса «үкімет пәрменді іс-қимылдарды қолға алды» деп ақталады. Жұмыс орындарын ашу бойынша нақты жоспар бар. «Бірақ барлық қызметкерге қолдау көрсету мүмкін емес» дейді олар. Ұлыбританияның қаржы министрі Риши Сунак: "Бұған дейін мен қиын кезеңдер әлі алда деген едім. Міне, бүгін біз сол күндерді бастан кешіп жатырмыз. Жүздеген мың адам жұмысынан айырылды және олардың саны арта бермек. Ештеңеге қарамастан, біз бұны да өткереміз" деді.

Дей тұрғанымен, сарапшылардың болжамдары жаға ұстатады. Қазан айында британиялық компаниялардың 33%-і қызметкерлерін қысқартпақ. Жәрдемақыға тапсырғандардың саны наурыз айымен салыстырғанда 117%-ке артып отыр. Жалақы көлемі 10 жылдан бері болмаған деңгейге дейін төмендеп кеткен.

Қазір оқып жатыр

«Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі»: Тоқаев Мирзиеёвтің бастамасын қолдады

Ақорда

«Хан Шатырдың» сатылатыны туралы жарнама жалған болып шықты

Хан шатыр

Қасым-Жомарт Тоқаевты Бұқара әуежайынан Шавкат Мирзиёев күтіп алды

Ақорда

Құлыбаевтар республикалық бюджетке қайырымдылық ретінде қомақты сома аударған

Халық банк