USD
USD
USD

Жұмыссыздарға вакансия электронды хабарламалар арқылы ұсынылмақ

Премьер-министр Әлихан Смайылов жұмыссыздарға бос жұмыс орындары туралы электронды хабарламалар жіберу мәселесін пысықтауды тапсырды.

Жұмыссыздарға вакансия  электронды хабарламалар арқылы ұсынылмақ
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Смайылов биыл Ұлттық жобаларды іске асыру аясында 269 мыңнан аса жұмыс орны құрылуға тиіс екенін атап өтті. Қазір 203 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан. Алайда 175 мыңы – уақытша жұмыс.

"Біз тұрақты жұмыс орындарын көбейтуге күш салуымыз керек. Ол үшін цифрлық технологияларға сүйену маңызды. Мемлекеттік органдардың жүйелерін толық интеграциялай отырып, жұмыспен қамту сервистерінің барлығын цифрландыру қажет", - деді Смайылов үкімет отырысында.

Отбасының цифрлық картасы, Электронды еңбек биржасы мен Жұмыс орындарын құрудың интеграцияланған картасын біріктіргеннен кейін, жұмыссыз жүргендерге электронды хабарламалар арқылы вакансиялар ұсынуға болады, деп жалғастырды сөзін премьер.

"Жұмыссыздарға өтініш жазбай-ақ бос жұмыс орындарын ұсыну маңызды. Мұндай қызметтерді смартфон арқылы қолжетімді ету қажет", - деді үкімет басшысы.

Смайылов президенттің тапсырмасымен мемлекеттік органдар мен барлық деңгейдегі әкімдердің жұмысы жаңа жұмыс орындарын құру бойынша KPI көрсеткіші негізінде бағаланатынын еске салды.

Сондай-ақ ол жастарды жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері мен механизмдерін енгізуге ерекше назар аударуды тапсырды.

"Жыл сайын еңбек нарығына 300 мыңға жуық жас шығады. Олардың жұмыс тәжірибесі жоқ, сондықтан жастарға бірінші кезекте жұмысқа орналасуға көмектесу керек", - деді премьер-министр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков пен ИК тобының мүшесі Азамат Маркленов Құрылтай сайлауына түседі

Құрылтай

Тоқаев Трампты АҚШ-тың Тәуелсіздік күнімен құттықтады

.