USD
USD
USD

Жұмыссыз жүрген әйелдер көп

2020 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,7 млн адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 65,9% жұмыспен қамтылды. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

Жұмыссыз жүрген әйелдер көп
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мәлім етілгендей, еңбек ететін 8,7 млн халықтың жартысынан көбі, яғни 51,8% (4,5 млн адам) – ерлер, 48,2% (4,2 млн адам) – әйелдер.

2020 жылы жалдамалы қызметкерлердің саны 6,7 млн адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылған халық санынан 76,6% болды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар 2 млн адамды немесе 23,4% құрады. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі – 90,3% (2019 жылы – 91,1%), жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар 9,7% (2019 жылы – 8,9%) болды.

Жұмыссыздық деңгейі 4,9% құрады, ерлер арасында – 4,4%, әйелдер арасында – 5,4%.

15-28 жастағы жастар арасында жұмыссыздық – 3,8%.

Айта кетейік, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2020 жылдың соңындағы жағдай бойынша, 141,8 мың адам жұмыссыз ретінде ресми тіркелген.

Бұл елдегі жұмыс күшінің 1,5% (2019 жылы – 1,1%) құрайды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер