USD
USD
USD

Жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу туралы SMS-хабарламалар жіберіледі

2023 жылғы ақпаннан бастап қызмет көрсетудің проактивті форматында жастарды жұмыспен қамту пилоттық жобасы қолға алынды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді.

Жұмыссыз азаматтарға жұмысқа орналасу туралы SMS-хабарламалар жіберіледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басты мақсат – жұмыссыз жастарды анықта, мемлекет ұсынып отырған барлық мүмкіндікті толық түсіндіру. Жұмыссыздарды анықтап, қызмет түрлерін ұсыну арқылы ынталандыру мен белсенділіктеріін арттыру.

«13 ақпанда Отбасылық цифрлық картасы аясында кірісі жоқ 12 мың жасты анықтап, қазақстандық жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы SMS-хабарлама алды. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысу мүмкіндіктері туралы SMS-хабарламаның алғашқы легі жіберілді. Нәтижесінде олардың ішінен 4,8 мыңнан астамы электрондық еңбек биржасына кірген, 306-сы Call-орталыққа қоңырау шалды. Қазірдің өзінде 101 адам жұмысқа орналастырылды, ал 39-ы кәсіпкерлік негіздеріне оқуды бастады», – деді вице-министр.

Қазір оқып жатыр

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті

100 млн теңге пара алғаны үшін бұрынғы шенеунік сотталды

Парақор шенеунік

Маңғыстаудағы сарбаздар қазасы бойынша 300-ден астам адамнан жауап алынды – Бас прокуратура

Әскерилер өлімі

Қостанайда қарт кісіні өлтірді деген күдікпен жасөспірім ұсталды

Күдікті пен полицей