USD
USD
USD

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Наурыз» және «Отау» тұрғын үй бағдарламаларына бюджеттен 220 млрд теңге бөлінді

Үкімет үйінде Мемлекет басшысының әлеуметтік саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру бойынша өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев 5,5 мың жас жаңа үй алғанын атап өтті.

Тұрғын үй
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Сондай-ақ жастарды қолдау мақсатында да кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Оның ішінде негізгі мәселе – жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету. «Наурыз» және «Отау» тұрғын үй бағдарламаларына бюджеттен 220 млрд теңге бөлінді. Нәтижесінде 5,5 мың жас жаңа үй алды», – деді Ермек Көшербаев.

Сонымен қатар Премьер-министрдің орынбасары биыл жұмысшы жастарды демеу үшін «Наурыз жұмыскер» банк өнімі іске қосылғанын атап өтті. Облыстарда жас мамандарға арналған өңірлік ипотекалық бағдарламалар жастарға үлкен мүмкіндік беруде.

Үкімет бұл жұмыстарды әрі қарай жүйелі түрде жалғастыратын болады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев әскерге шақыру мен ант қабылдауды ерекше салтанатпен өткізуді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағының 100%-ын сенімгерлік басқаруға бере алады

Зейнетақы жинағы

«800 млн теңге емес»: Перуашев Алматыдағы үй туралы қауесетке жауап берді

Ақ жол

Біздің елде қоғамды екіге жаратындай саяси дау-дамайлар жоқ – Ерлан Қарин

Ерлан Қарин