USD
USD
USD

Жұмысқа заңсыз тартылған Өзбекстан азаматтары елден шығарылды.

Шығыс

Жұмысқа заңсыз тартылған Өзбекстан азаматтары елден шығарылды.
Фото: NEGE.kz

Қазақстан облысы Алтай ауданында жер үй құрылысына заңсыз тартылған 4 Өзбекстан азаматы елден шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көші-қон қызметінің мамандары Алтай қаласында заңсыз жұмыс істеген өзге елдің азаматтарын анықталды.

Белгілі болғандай, Өзбекстан Республикасының 4 азаматы жеке тұрғын үй құрылысында заңсыз еңбек еткен. Қазіргі уақытта сот шешімімен олар ел аумағынан шығарылды. Сонымен қатар заңнамаға сәйкес Қазақстанға 5 жыл бойы кіруге тыйым салынды.

«Ал жұмыс беруші ҚР ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша жауапқа тартылды. Нақты айтқанда, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту және шетелдіктердің болуы туралы хабарламау. Ер адам 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге міндеттелді», - дейді облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары Елдос Закимов.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде полицейге күш көрсеткен екі жігіттің ұсталғанын хабарлаған едік.

Қазір оқып жатыр

Бауыржан Байбектің сағаттарын ұрлады деген күдікпен 31 жастағы ер адам ұсталды

.

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер