2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Жұмысқа орналастыратын жаңа жоба іске қосылды

Алматы әкімі Б. Сағынтаев «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелері бойынша онлайн режимде кеңес өткізді.

Жұмысқа орналастыратын жаңа жоба іске қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Барлық 214 инфрақұрылымдық жобаны жүзеге асыруға 103,9 млрд теңге бөлінеді. 26 мыңға жуық жұмыс орны құрылатын болады.

Әлеуметтік-мәдени объектілерді, ТКШ объектілерін және көлік инфрақұрылымын күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу, қайта жаңарту және салу көзделеді.

Сонымен қатар, 125 жоба елдімекендерді абаттандыру аясында іске асырылатын болады. Бұл – аулаларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, скверлер мен парктерді жөндеу және абаттандыру.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев ТЖ режимін енгізуге байланысты жұмыс істемейтін қалалықтарды жұмысқа орналастыруға мүмкіндік беретін жобалардың сапалы және уақтылы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Кеңесте 26 мың жұмыс орынның жалпы санының 50% -ы жұмыссыз жастарға басымдықпен қала халқын жұмыспен қамту орталықтары арқылы жалданатыны атап өтілді. Жобалар аяқталғаннан кейін 2,4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орындары құрылатын болады.

Жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру нәтижесінде 47 жаңа нысан, оның ішінде 31 әлеуметтік саладағы нысан салынатын болады.

Жұмыспен қамту орталығының сайтында (http://cz-almaty.kz/) іздеушілер мен жұмыс берушілерге өтінім беруге болады.

Бүгінгі күні 5964 адам, оның ішінде 640 адам – құрылыс нысандарындағы бос жұмыс орындарына резюме берді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы қайғылы оқиға: бес командир ұсталды

Күдіктілер

Каспий теңізінде қаза болған үш сарбаздың денесі Оралға жеткізілді

Каспий теңізінде қаза болған сарбаздар

Маңғыстаудағы төтенше жағдай: Үкіметтік комиссия отырысында не айтылды?

Үкіметтік комиссия отырысы

Қаза болған әскери қызметшілерге көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр

Сарбаздарды іздеуге шыққан кемелер