USD
USD
USD

Жұмысқа кіргіземін деп пара алған: Ақтөбеде мектеп директоры сотталды

Ақтөбеде жұмысқа кіргіземін деп пара алған мектеп директоры 7 жылға сотталды.

Жұмысқа кіргіземін деп пара алған: Ақтөбеде мектеп директоры сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық соттың ақпараты бойынша, ол мектеп директорының міндетін уақытша атқарып жүріп, өзінен жұмыс сұрап келген тұрғындардың бірінен 200 мың теңге, екіншісінен 100 мың теңге пара  алған. Сот үкім шығарар кезде оның кәмелет жасқа толмаған балаларының бар екенін ескерген.

«Сот үкімімен А. Кушербаева қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ», – деді Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Анар Айтжанова.

Қазір оқып жатыр

Stadler вагондары жолға шығуға дайын: билет сатылымы басталды

Stadler

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп