2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан
USD
USD
USD

Жұмысқа қабылданатындардың 50 пайызы жастар болады

Алматыда ұмыспен қамтудың Жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде 47 жаңа нысан салынады, оның 31- әлеуметтік нысан. Бұл туралы қалалық Әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлкебайұлы брифинг барысында айтты.

Жұмысқа қабылданатындардың 50 пайызы жастар болады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Спикердің айтуынша, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру кезінде жұмыссыз жастарға басымдық беріледі. Олар жұмыспен қамту орталықтарына жүгіне алады. Жалпы жоба аясында 26 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарда. Жалдамалы жұмысшылардың кемінде 50% жастар болуы шарт. «Жол картасы аясында жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін 6408 адамнан түйіндеме қабылданды, оның ішінде 708 адам – құрылыс алаңдарында жұмыс істеуге өтініш берді. Жұмыспен қамтудың жол картасын жүзеге асыру нәтижесінде 47 жаңа нысан, оның ішінде 31 әлеуметтік нысан салынады», – деді Данияр Әлкебайұлы. Сонымен қатар, ол өтініш беру үшін (өтініш берушілер мен жұмыс берушілерге) Жұмыспен қамту орталығының сайты (cz-almaty.kz) жұмыс істейтінін, онда қабылданған шаралар туралы толық ақпарат бар екенін атап өтті. 

Қазір оқып жатыр

Әскерилер қазасы: оқиға екі бап бойынша тергеліп жатыр

Қылмыстық іс

Бозымбаев: Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға кінәлі лауазымды тұлғалар қатаң жазаланады

Әскери қызметшілер теңіз суына батып кетті

Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілер саны 12-ге жетті

Маңғыстау

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды

Траур