USD
USD
USD

Жұмысқа тұрғызамын деп уәде еткен: Еңбекминнің экс-қызметкері алаяқтық күдігіне ілікті

Әлеуметтік желіде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұрынғы қызметкері Маржан Мырзабаева төңірегінде дау шықты. Тұрғындардың шағымына қарағанда, ол жұмысқа орналастыруға және атаулы әлеуметтік көмек алуға жәрдемдесуге уәде берген, ал оған сенген тұрғындар миллиондаған теңге несие алған.

Пара
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Бұл жайтқа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев пікір білдірді.

«Маған бұл қызметкердің екі апта бойы жұмысқа келмегені және тиісті еңбекке жарамсыздық парағын ұсынбағаны хабарланды. Еңбек кодексіне сәйкес ол жұмыстан шығарылды. Қазіргі уақытта біз зардап шеккендердің нақты саны мен келтірілген шығын көлемін білмейміз. Жалпы, біз бұл жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Тергеу органдары өз жұмысын аяқтағаннан кейін сот процесінің әрі қарай қалай жүретінін қадағалаймыз. Ол қазір министрлік қызметкері емес», – деді министр.

Ал жеке деректердің таралып кетуіне байланысты сұраққа министр оның ақпараттық жүйелерге қол жеткізу мүмкіндігі болмағанын айтып жауап берді.

Қазір оқып жатыр

«Көзқарасымыз сәйкес келмейді»: Давид Лория Марат Омаров туралы ойын айтты

.

Желіде Қостанай қаласы білім бөлімінің бастығы ұсталғаны жөнінде ақпарат тарады

Гүлсім Оразбаева

Тоқаев Қазақстанды «Штрафстан» дейтіндерді ойы келте адамға теңеді

Астана

Президент Алатауды дамыту жұмыстарын созбаққа салмай, жедел бастауды тапсырды

Тоқаев