USD
USD
USD

Жұмысы тоқтамағандар 42 500 теңге алмайды

42 500 теңге әлеуметтік төлем алуға құқығыңыз болмаса, онда өтінім берудің еш қажеті жоқ. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты. 

Жұмысы тоқтамағандар 42 500 теңге алмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Осы уақытқа дейін жұмыс істеп келіп, карантинге байланысты табысынан қағылған жалдамалы жұмысшылар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, жеке кәсіпкерлер өтінім бере алады. Ал мұндай санатқа кірмейтіндер әлеуметтік төлем алуға тырыспай-ақ қоюларыңызды өтінемін. Бұл – жауапкершілік. Осы жолы порталдың төменгі жағында әрбір адам оқып, шектеу шараларына байланысты кірісінен айырылғанын растайтын белгіні белгілеуі тиіс болады. Ол ұсынған мәліметтері үшін мойнына жауапкершілік алады», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана