USD
USD
USD

Жұмыс істейтін кәсіпорындар тізімі бекітілді

Қазақстанда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 4 мамырдан бастап жұмысын жандандыратын кәсіпорындар тізімін бекітті, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Жұмыс істейтін кәсіпорындар тізімі бекітілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Биылғы 4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді: аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері); фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер; шаштараздар (жазылу бойынша); медицина орталықтары (жазылу бойынша); стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша); жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар; шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары», - делінген сәрсенбіде таратылған хабарда.
Сонымен қатар 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.
Бұған дейін хабарланғандай, 4 мамырдан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан әуе қатынастарын қайта жандандыру туралы шешім қабылданды.

Қазір оқып жатыр

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz

Қарашадағы жиналыс. «Алтыналмас» НЕГЕ дайындалып жатыр?

Almas

Отбасы банк қарызды өтеу үшін несие беруді уақытша тоқтатты

Отбасы банк

Қырғызстанның бұрынғы президентінің ұлы 4 жылға сотталды

Қадырбек Атамбаев