USD
USD
USD

Жұмыс орнында коронавирус жұқтырып алған мұғалімдерге өтемақы төлене ме?

«Дәрігерлерге секілді жұмыс орнында коронавирус жұқтырған жағдайда мұғалімдерге қосымша төлем төленеді ме»​ деген сауалға Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді.

Жұмыс орнында коронавирус жұқтырып алған мұғалімдерге өтемақы төлене ме?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Брифинг барысында министрге: «Кезекші сыныптарға сабақ беретін мұғалімдерге жұмыс орнында КВИ жұқтырса, дәрігерлерге төленгендей өтемақы төленеді ме» деген сұрақ қойылды.

Бұл ретте Асхат Аймағамбетов кезекші сыныптарда сабақ беруге рұқсат беретін тиісті талаптар барын айтты.

- Жүкті әйелдерге, 65-тен жасы жоғары мұғалімдерге, егер, әрине созылмалы аурулары болса, оларға мұндай форматта жұмыс істеуге тыйым салынады, яғни мұндай мұғалімдер кезекші сыныптарға сабақ бере алмайды. Инфекцияның алдын алу үшін мектептегілердің дене температурасы ұдайы тексеріліп, барлық санитарлық талаптар сақталуы қажет, - деді министр.

«Сонымен қосымша төлемақы төленеді ме, жоқ па» деген сұраққа Асхат Аймағамбетов: «Жоқ» деп жауапты қысқа қайырды.

Қазір оқып жатыр

БҚО-да тазалық талаптарын бұзғандарға қатысты 7 мыңға жуық әкімшілік іс тіркелді

БҚО "Таза Қазақстан"

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов