USD
USD
USD

Жұмыс берушілер такси жүргізушілерінің өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарап отыр

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жұмыс берушілер такси жүргізушілерінің өмірі мен денсаулығына немқұрайлы қарап отыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Таксистердің өмірі мен денсаулығына жұмыс беруші жауапты болуы тиіс, яғни таксопарк иесі жұмысқа қабылдамас бұрын жүргізушінің денсаулығына қатысты тиісті құжаттарды талап етіп, тексеруі тиіс. Дегенмен такси жүргізушілерінен сұхбат алу барысында денсаулық жағдайына қатысты анықтамалардың сұралмайтыны белгілі болды. Такси жүргізушілерін қабылдау онлайн жүреді. Ол жерде аты-жөні, көлікті жүргізу деңгейі мен автомобильдің жағдайы ғана сұралады", – деді министрлікке қарасты еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарушы директоры Александра Молчановская "Қазақстанның еңбек нарығы туралы екінші ұлттық баяндама" атты онлайн-конференцияда.

Орталық басшысының мәлімдеуінше, такси жүргізушілерінің артық еңбектенуі бойынша да бақылау жоқ.

Такси бағасына келсек, таксопарктер құнды өздері белгілейді. Сонымен қатар таксопарктер түрлі науқан өткізеді. Мысалы, апта ішінде 200-ден астам рейс жаса деген секілді. Оны естіген таксист демалыссыз күні-түні жұмыс істейді. Ал оның денсаулығын қадағалап жатқан ешкім жоқ, – дейді ол.

Сөз соңында министрлік өкілі аталған мәселе бойынша шұғыл шешім қабылдау керектігін айтты.

Қазір оқып жатыр

12,6 млн сайлаушы және қолжетімді тізімдер: ДИАҚБ сайлау рәсімдеріне баға берді

ЕҚЫҰ ДИАҚБ

Қазақстанда автосақтандыру құны жүргізушінің жүргізу стилі мен айыппұлына қарай есептелмек

жүргізуші

«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

автотұрақ

Ертісбаев бұдан былай елдің ішкі саясатымен айналыспайтынын мәлімдеді

Ермұхамет Ертісбаев