Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Жұмыртқа өндірушілер бағаны арзандатты

12 кәсіпкер Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің тамақ өнімдеріне бағалар бойынша хабарламаларын мерзімінен бұрын орындады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жұмыртқа өндірушілер бағаны арзандатты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осы аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жасау барысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарық субъектілеріне, олардың іс-әрекеттерінде заңнаманы бұзу белгілерінің болуы туралы 14 жаңа хабарлама жіберді. Олардың төртеуі СҚО-дағы тауық жұмыртқасы бойынша; төртеуі - Жамбыл, БҚО облыстары бойынша қант саласы бойынша; үшеуі- ШҚО, СҚО, Атырау облыстарында күнбағыс майы; екеуі сүт өнімі бойынша, біреуі Шымкенттегі құс етіне байланысты.

«Бұрын шығарылған 25 хабарламаны есептегенде жалпы саны 39-ға жетьті. Оның ішінде 12 хабарлама - ҚР Бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілерін жою бойынша шаралар қабылдау туралы орындалды (5 - Шымкент қаласында, Қостанай, Атырау, Жамбыл облыстарында тауық жұмыртқасы бойынша, 3 - Жамбыл және Қарағанды облыстарында қант бойынша, 2 - Қарағанды облысында қарақұмық жармасы бойынша, 1 - Шымкент қаласында күнбағыс майы бойынша, 2 – Шымкент қаласында, Қарағанды облысында күнбағыс майы бойынша).

Бұл ретте, 12 нарық субъектісі хабарламаларды орындап, бағаны белгіленген 30 күндік мерзімнен бұрын төмендеткенні атап өткен жөн», делінген хабарламада.

Агенттіктің мәліметінше, статистикалық деректерге сәйкес, 25 наурыздағы жағдай бойынша тауық жұмыртқасының бағасы төмендеп келеді. Апта ішінде, 16 - 25 наурыз аралығында жұмыртқа бағасы 0,2%-ға төмендеген.

Ведомство бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманың бұзылуына қатысты 6 тергеп-тексеру жүргізіп жатыр (2-уі нанға қатысты, 2-уі – күнбағыс майы, 2 – сауда желісіне қатысты).

Қазір оқып жатыр

«Әділет» партиясы: Қазақстан шикізатты аз, дайын өнімді көп сатуы керек

Айбек Дәдебай

ҚХП алимент бойынша берешекті өтеу үшін арнайы қор құруды ұсынды

Нұрсұлтан Шоқанов

«Байтақ» төрағасы: Біз Экономика және Қаржы министрлігін алмастырмаймыз

дебат

Іле Алатауы табиғи паркінде 13 гектар аумақ өртке оранды

Орман өрті