USD
USD
USD

Жұмыртқа қымбаттады

  Қазақстанда жұмыртқа қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24». Алайда, қазірдің өзінде бір данасы 39 теңгеге жетті.  

Жұмыртқа қымбаттады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Баға шамамен 10-15 пайызға өседі деген болжам бар. Оған не себеп? Қазақстан базарларында жұмыртқа қымбаттап жатыр. Оған негізінен екі фактор әсер еткен. Қазақстан жұмыртқа өндірушілер қауымдастығы төрағасының айтуынша, өнім бағасы тікелей дәнді дақылдардың құнына тәуелді. Яғни өзіндік құнының 60 пайызы осы өнімге байланысты. Өткен жылы елдегі қуаңшылыққа байланысты Қазақстанда өнім аз болғаны белгілі. Әрине бұл бидайдың қымбаттауына әкелді.

Сарапшылардың айтуынша, жұмыртқаның қымбаттауына әсер еткен тағы бір фактор мемлекет тарапынан берілетін субсидияның қысқаруы. Айта кетейік, бүгінде елімізде 35 құс фабрикасы жұмыс істейді. Олар отандық нарықты жұмыртқамен толық қамтамасыз етеді. Былтыр олар 4 жарым миллиард жұмыртқа өндірді. Шет елдерге 700 миллион жұмыртқа экспортталды. Бұл жалпы өнідірістің 15 пайызға тең.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасының баррелі 101 долларға дейін төмендеді

мұнай

Астанада апалы-сіңлілі екі әйел күйеулерімен бірге «секс-притон» ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Күдіктінің үйін тінту сәті

Тоқаевтың президент болғанына жеті жыл: негізгі экономикалық көрсеткіштер қалай өзгерді?

Қасым-Жомарт Тоқаев

«Мың доллардың футболкасын кім алады?»: Миллионер Арсен Томский Esentai Mall-дағы бағаға таңғалды

Арсен Томский