USD
USD
USD

Жұманғарин екі өңірге қатысты қандай өзгеріс болатынын айтты

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин донор және реципиент аймақтар туралы айтты. Оның сөзінше, өңірлердің мәртебесінде өзгерістер бар.

ҰЭМ
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Министр 2028 жылы донор өңірлердің қатарына Маңғыстау облысы қосылатынын мәлімдеді.

2028 жылы Павлодар облысы өзін-өзі қамтамасыз етеді, ал Маңғыстау облысы қайтадан донор мәртебесін алады, – деді ол.

Сонымен қатар, Жұманғарин өңірлердің алдағы үш жылға арналған кірістерінің болжамды көлемін айтты. Министрдің есебінше, жергілікті бюджет кірістері: 

2026 жылы - 10,7 трлн теңге, 

2027 жылы – 12,1 трлн теңге,

2028 жылы – 13,3 трлн теңге болады деп болжануда.

Одан бөлек, министр үш жылға арналған өңірлерді дамыту бюджеті 9,1 трлн теңгені құрайынын айтады.

«Даму бюджеті 2026 жылы – 1,8 трлн теңге, 2027 жылы – 3,2 трлн теңге және 2028 жылы – 4,1 трлн теңге. Үш жылда барлығы – 9,1 трлн теңге», – деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Жұманғариннің айтуынша, жергілікті бюджеттердің республикалық бюджет қаражатына тәуелділігі орта есеппен 50,7%-дан 33%-ға дейін төмендейді.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция