USD
USD
USD

Жұманғарин: Биыл халықтың нақты табысы кемінде 2,3% өсуі керек

Негізгі мақсат – инфляцияны тежеу және халықтың тұрмысын жақсарту.

жұманғарин
Фото: primeminister.kz

Астана, NEGE. Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкімет отырысында елдің алдағы кезеңге арналған экономикалық жоспарларын таныстырды. Оның айтуынша, Үкімет Ұлттық банк және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, 2026–2028 жылдарға арналған макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі кешенді бағдарламаны іске асыруды жалғастырады.

Министрдің сөзінше, бағдарламаның негізгі мақсаты – азаматтардың нақты табысын өсіру. 

«Биыл халықтың нақты табысы кемінде 2,3% өсуі керек. Бұл көрсеткішке экономиканың тұрақты әрі сапалы дамуы және инфляцияның төмендеуі арқылы қол жеткіземіз. Жалпы ішкі өнімнің өсімі 5% кем болмауы тиіс», – деді Серік Жұманғарин.

Осы мақсатта негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемін жалпы ішкі өнімнің 18 пайызына дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Үкімет шикізатқа тәуелсіз салаларды дамытуға, еңбек өнімділігін арттыруға, экономиканы технологиялық жаңғырту мен цифрландыруға басымдық береді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.