USD
USD
USD

Жұмабектің тағы бір павлодарлық «бажасы» жазаланды

Павлодарда көлік жүргізушісі 1 сәуір – күлкі күні қалжыңдаймын айыппұл арқалады. Ол мемлекеттік нөмірін алып тастап, оның орнына көліктің артқы жағына «Жұмабектің бажасымын» деп жазып алған, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Жұмабектің тағы бір павлодарлық «бажасы» жазаланды
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE.  Сөйтіп, қаладағы орталық көшелердің бірі – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының бойымен зуылдатқан. Бірақ жүргізушінің бұл әрекеті жол-патрульдік полиция қызметкерлерінің көңіліне жақпай қалды. Сондықтан ВАЗ 2170 көлігінің иесі жауапқа тартылды. «Көлік жүргізушісінің көтеріңкі көңіл-күйіне қарамастан оған Әкімшілік Кодекстің 590-бабы бойынша 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Ал көлігі айыппұл тұрағына қойылды», - дейді Павлодар қаласы полиция басқармасының бастығы Данияр Бек.

Айта кетсек, Түркістан облысы Отырар ауданындағы көшелердің бірінде қарсы бағытпен жүріп, полицейлерден «Жұмабектің бажасымын» деп құтылып кетпек болған тұрғынның видеосы желіде желдей ескені белгілі. Бұл тіркестің «вирусқа» айналғаны соншалық, «Жұмабектің бажасымын» деген ән жазылды. «Өнер барысына» қатысқан белгілі вайнер Мейіржан Төребеков лақап аты ретінде дәл осы тіркесті таңдап алды.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті