USD
USD
USD

Жұма күнгі ауа райы 

Жұма күні елімізде күн ашық, ыстық болады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Жұма күнгі ауа райы 
Фото: NEGE.kz

 Алматы, NEGE. «17 шілдеде еліміздің басым бөлігі әлі де антициклоның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысы атмосфералық фронтарды бөліктердің әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік-батыста шаңды дауыл соғуы ықтимал», делінген хабарламада.

Қызылорда, Қарағанды, түнде Атырау, күндіз Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақмола, Ақтобе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Манғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі, Атырау, Ақтөбе облыстарында қатты, кей жерлерде өте қатты аптап ыстық болуы мүмкін. Атырау облысында, Қызылорда облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Алматы облысының батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

Кино

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Төреғали Төреәлі

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

бала

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Аурухана