USD
USD
USD

Жұма күнге арналған ауа райы болжамы

Елімізде күн суыта бастады. 

Жұма күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазгидромет 1 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мәскеу аудандарынан жылжып жатқан солтүстік-батыс антициклонның ықпалынан батыс және оңтүстік аймақтарды қоспағанда, ҚР аумағының басым бөлігі әлі де өтіп бара жатқан циклон жырасының ықпалында болады.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауады, олар көктайғақ құбылыстарымен бірге болады. Еліміздің оңтүстігі мен солтүстігінде жел күшейіп, түңгі және таңғы сағаттарда тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік жартысында көктайғақ, тұман күтіледі, облыстың солтүстігінде, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстік-шығысында, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең солтүстік-батыста, батыста тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз басым бөлігінде жел 15-20, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 23 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Павлодар облысының шығысында, күндіз солтүстігінде тұман болады.Түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, түнде және таңертең солтүстікте тұман күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, шығысында жел 17-22 м/с күшейеді. Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі, оңтүстік-батыста және таулы аудандарда желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы