USD
USD
USD

«Жұлдызды 30 күн» аясында отбасы құндылықтары дәріптелді

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты  «SHANYRAQ» орталығында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған «Жұлдызды 30 күн» атты іс-шара жоспары аясында дөңгелек үстел өтті.

«Жұлдызды 30 күн» аясында отбасы құндылықтары дәріптелді
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Іс-шара әрбір жанның ең маңызды бір бөлігі  «отбасы құдылықтары» жайында болды. 

Аталған іс-шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқарма басшысы Б.Нарбекова, кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сот төрағасы Д.Сайханов, әкелер кеңесінің төрағасы Е.Отарбаев, Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Исабекова, ҚР Ассамблеясының Республикалық  аналар кеңесі мүшесі Л.Қойшиева және т.б. қатысты. Дөңгелек үстелде жаһандық өзгерістер заманында отбасы құндылықтарын сақтап қалу, оның жастар санасындағы беделін арттыру мәселелері айтылды. 

Жалпы, басқармаға қарасты «Shanyraq» отбасы институтын қолдау орталығы қаладағы аз қамтылған 10 мыңнан астам отбасы мүшелеріне қолдау көрсеткен. Қызмет алушыларға 10 бағыт бойынша жұмыс жүргізіледі. 

Атап айтқанда, аз қамтылған отбасылардың мәселелері бойынша тікелей жұмыс жүргізу, психологиялық қолдау көрсету, құқықтық көмек көрсету, медиациямен, үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыс,  өз кәсібін игеруге ықпал ету, балаларға психологиялық қолдау көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдем беру, денсаулық мәселелері және аналар мен балаларға арналған арнайы курстар. Бүгінде жан-жақты, бірлескен жұмыстардың арқасында орталық үйірмелеінде күнделікті шаралар ұйымдастырылып тұрады.

Қазір оқып жатыр

Шекарада жүргізушілерден ақша бопсалаған: Жамбыл облысында қылмыстық топ мүшелері ұсталды

Күдіктіні ұстау сәті

Михаил Ломтадзе: Kaspi.kz-тің мақсаты – клиенттерге арналған әлемдегі үздік AI-сервистердің бірін жасау

Ломтадзе

Астана тұрғыны бұрынғы әйелінің үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өртеп жіберемін деп қорқытқан

Бөтелке ұстаған ер адам

Бензин бағасының төмен болуы инвестор тартуға кедергі келтіреді – Бектенов

Мұнай өңдеу саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес