Референдум Референдум
USD
USD
USD

Жұлдызай Дүйсенбиева: Бұл шешімді ұзақ ойландым

«Шаншар», «Алдараспан» әзіл-сықақ театры арқылы қалың көпшілікке танылған Жұлдызай Дүйсенбиева әртістік шеберлігімен халықтың ықыласына бөленіп, көрерменнің көңілінен жол таба білді. Өмірін өнерге арнаған актриса енді сахнадан кетпек.

Жұлдызай Дүйсенбиева: Бұл шешімді ұзақ ойландым
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалың көпшілікке түрлі образды ерекше жеткізе білген әртістің өнер әлемінде жүргеніне биыл 20 жыл. Осы айтулы күнге орай, Ө.Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында есеп беру кешін өткізген болатын. Соңғы 2-3 жылда сахнадан көп көрінбей кеткен Дүйсенбиева енді әзіл-сықақ отауынан кетуге бел байлапты.  Бұл маңызды шешімді қабылдау оңай болмаған көрінеді. Актриса енді өнерден емес, кәсіптен бағын сынап көрмек. Ал сахнадағы орнын шәкірттері басады деген сенімде. Себебі осы уақытқа дейін талай ізбасарына жол сілтеп, тәжірибесімен бөліскен екен. Өнермен қош айтыспас бұрын көрермендеріне тосын сыйға толы кеш ұйымдастырмақ ниетте.

«Маңызды шешімнің бірін көп ойланып қабылдадым. Келесі жылы сахнадан кетемін деп шештім. Ізімізді басып келе жатқан шәкірттерім бар. Соларға тастаймын. Өнерсүйер қауымға үлкен кеш беруді ойлап жүрмін. Әзіл әлеміне кішкене болсын үлесімді қостым деп ойлаймын. Ұзақ жыл осы салада еңбек еттім. Енді басқа салада жұмыс істейін деп жүрмін», – дейді Жұлдызай.

Өнерден кетуді көздеген актриса қандай кәсіпті қолға алғанын ашып айтпады. Десе де, таңдаған саласына мықтап кірісуге сақадай сай. Ендеше, Жұлдызай ханымға жаңа бастамаңыз сәтті болсын деп тілейміз!

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда