USD
USD
USD

«Жұлдыз лига» жеңімпаздары анықталды

Шағын футболдан өнер және медиа қызметкерлердің арасындағы «Жұлдыз лига» қалалық біріншілігінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

«Жұлдыз лига» жеңімпаздары анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарысқа барлығы 12 команда қатысқан. Одан 6 команда іріктеліп, чемпиондыққа таласты. 

Ұйымдастырушы Нұрсұлтан Құрман кәсіби футзалшылармен ойында тереземіз тең емес, әуесқой футболшылармен көп жігіттердің ойнауы қиын дегенді  айтып, басты мақсат футболды жақсы көретін өнер ұжымдары мен медиа қызметкерлеріне арнайы алаң жасау екенін жеткізді. 

Жарыста Қазмедиа орталығының жігіттерінен құралған «Voltman» командасы жеңімпаз атанып, 1 миллион теңге жүлде қорына ие болды. Екінші орынды Қарағанды қаласының өнерпаздарынан құралған «Никулин» командасы жеңіп алса, қола жүлдені «Qurman» командасы қанжығасына байлады.

Алдағы уақытта «Жұлдыз лиганың» қысқы маусымы басталады. Оған Астанадағы телеарна, театр, өнер ұжымдары, блогерлер мен той саласында жүрген азаматтардан құралған 10-14 команда қатысады деп күтіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматы–Қоғас тас жолында мас күйде жол апатын жасап, үш адамның өмірін қиған жүргізуші 10 жылға сотталды

Алматы – Қорғас тас жолындағы жол апаты

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі мен оның Аппараты туралы ережені бекітті

қол қою

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 108 долларға жетті

мұнай бағасы

Жаңаөзен әкімінің бұрынғы орынбасары ауруханаға демеуші бөлген қаржыны жымқыру ісі бойынша тексерілуде

ҚМА қызметкерлері мен күдікті