18 Сәуір 16:58

Жұлдыз Әбдукәрімованың түрмеде жатқан группаласы өз шындығын айтты

Фото:

Шымкенттегі әйелдер колониясында жазасын өтеп жатқан Салтанат Ермештің оқиғасы көпшілікке ой салары анық. Өнер академиясында білім алып, Салтанат Бақаева, Жұлдыз Әбдукәрімовамен группалас болған келіншек бүгінде өмірін тар қапаста өткізіп жатыр. Бұл туралы "Жедел түсірілім" бағдарламасының арнайы шығарылымында айтылды.

Алматы, NEGE. Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген Салтанат заңсыз тендер ұйымдастырып, ақшасын қалтаға басқаны үшін сотталған.

"Бұл қадамға екі баламның қамы және әкемнің емі үшін бардым. Қазіргі мақсатым – осы жерден аман-есен отбасыма оралып, балаларымның қасына бару. Экономист, бухгалтерлік деген қызметтер менің табиғатыма келмейді екен. Өзім өнер адамы болғандықтан, болашақта сол салаға қайта оралуды ойлаймын. Бала кезден бергі арманым – өнер адамы, әнші болу еді. Сол мақсатпен Алматыға келдім, оқуға түстім. Студент кезімде мені алып қашып кетті. Ерте күйеуге шығып, баламен отырып қалдым", - дейді ол.

Салтанаттың айтуынша, оның группаластарын мұқым ел таниды. Тіпті, Қайрат Нұртастың келіншегімен құрбы болғанын жасырмайды. 

"Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз бен әнші Салтанат Бақаева менің группаластарым. Кәмшат Жолдыбаевамен көрші болдым. Өнер адамдарының арасында Асан Пердешовті жақсы танимын. Онымен ән айтқан күндерім де болды. Қазір оның бәрі өткен шақ. Енді бостандықтағы және түрмедегі өмірім туралы клип түсіргім келеді. Ән жазатын да қабілетім бар, бостандыққа шыққан соң, сол мақсаттарыма жетуге тырысамын. Қаншама тергеу изоляторларында болдым, соның бәрін бір клипке сыйдырғым келеді", - деді Салтанат.

Тегтер: