USD
USD
USD

Жұлдыз Әбдікәрімова кино алаңына қайта оралды

Бүгінгі таңда Түркістан музыкалық драма театрының актрисасы саналатын Қайраттың жары енді комедиялық фильмге түспек.

Жұлдыз Әбдікәрімова кино алаңына қайта оралды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жұлдыз осыдан біраз жыл бұрын Қайрат Нұртастың қатысуымен  режиссер Рашид Сүлейменов таспалаған  «Арман. Когда ангелы спят» драмасына түскен болатын. Енді комедия жанрында өзін сынап көрмекке бел буған. Бұл жаңалығын өнер иесінің өзі бірінші болып инстаграм парақшасында бөлісті. Осы ретте Жұлдыз  көрермендеріне: «Қалай ойлайсыз, бұл жолғы образым, рөлім қандай?» – деп сауал да тастады.

 Сонымен қатар Әбдікәрімова: «Біз үшін бұл жай ғана фильм емес, бұл қазақ киносының болашағына қосқан үлес» деп көпшілікті қызықтырып та қойды. Актрисаның парақшасына жүктеген бейнежазбасынан  тасапаланып жатқан туындының «Робот әйел» деп аталатынын аңғаруға болады.

 

Қазір оқып жатыр

Kaspi.kz қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

kaspi.kz

СҚО-да кен орнына апаратын кірме жол құрылысы 8 жылдан бері әлі аяқталмаған: басқарма басшысы күдікке ілінді

бюджет қаражатын жымқыру

Ұмай ана қолдады. «Отбасы банк» топ-менеджерлерінің табысы НЕГЕ тез өсіп келеді?

.

Алты адам қаза тапқан Aqtogai Milk-тегі қайғылы жайтты тексеру қорытындысы жарияланды

Aqtogai Milk