USD
USD
USD

Жүкті ана екі баласымен өрттен құтқарылды

Жамбыл полицейлері жүкті ананы екi баласымен өрттен құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүкті ана екі баласымен өрттен құтқарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 14 ақпан күні Меркі АПБ ӘПб жол-техникалық инспекциясы тобының мемлекеттік автоинспекторлары Данияр Тналиев пен Нұрдәулет Нұрғали Интернациональный кентінде Көкжиек көшесіндегі үйлердің бірінің терезесінен қалың түтінді көредi. Жақын барғанда полицейлер жеке үйдің түтін мен жалынға толы екенін байқайды. Олар жеке қауіпсіздігi туралы бір сәт те ойланбастан, өтіп бара жатқан адамдарға өрт сөндірушілер мен жедел жәрдем бригадасын шақыруды айтып, өздері үйге қарай жүгірді.

– Әрiптесiм екеумiз үйге қарай жүгіргенде, әйелдің дауысы мен баланың жылағанын естідік. Ойланып тұратын уақыт жоқ едi. Біз терезені сындырып, iшке ендiк. Мен қалың түтінді аралай бастадым. Ештеңе көрінбеді, балалардың даусымен ғана тұрған жерлерiн анықтай алдым. Дер кезінде құтқара алғанымызға қуандық. Бiз өз мiндетiмiзге сай әрқашан қиын сәтте көмекке келуге дайын екендігiмiздi айтқым келедi, – деді Данияр Тналиев.

Сол бірнеше шешуші минуттарда екі ержүрек полиция қызметкері өртеніп жатқан үйден екі кішкентай бала мен олардың жүкті анасын құтқара алды. Оған қоса жедел жәрдем келгенге дейін денсаулықтарын бақылап, кез келген жағдайда қажетті құтқару шараларын өткізуге дайын болды. Көп ұзамай келген өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері өршiген жалынды сөндірдi.

Полицейлер отбасын тексеру үшін дәрігерлерге тапсырды.

Содан кейін ғана штаттық режимдегi өз қызметтерін әрі қарай жалғастыруға кетті.
 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар