USD
USD
USD

Жүкті әйелді өлтірген адам 20 жылға сотталды

  Павлодар облысында жүкті әйелді өлтірген адам 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Жүкті әйелді өлтірген адам 20 жылға сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың сәуір айында Константиновка ауылында жүкті әйелдің өлімі орын алған. Бұл істі тергеу барысында полицейлер қаза тапқан әйел мен бірге тұрған ер адам арасында болған жанжал барысында мас күйінде ер адам өзінің құрбанын тұншықтырғанын анықтады. 

«Қазақстан Республикасы ҚК 99 - бабының 2-бөлігіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін кінәлі мамандандырылған ауданаралық сотпен 20 жылға бас бостандығынан айырылды, - делінген хабарламада. Өлтірілген қыздың анасы Ирина Свириденко полиция департаментінің басшысына жазған хатында Успен ауданының полиция бөлімі мен прокуратураға істі тергегені үшін алғыс білдірді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан