USD
USD
USD

Жүкті әйелін пышақтаған ер адамның шабуылына әрекетсіздік танытқан полицейлер тексеріледі

Маңғыстау облысында 14 шілдеге қараған түні ер адам жүкті әйелін бірнеше жерден пышақтап кеткен болатын. Жарақат алған әйел адам қазір ауруханада жатыр.

Маңғыстау облысы
Фото: видео скрин

Алматы, NEGE. Жұбайына пышақ жарақатын салған  ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Әлеуметтік желіде тараған видеоларда полиция қызметкерлерінің жүкті әйелін пышақтаған ер адамның шабуылы кезінде әрекетсіздік танытқаны таспаланған. 

Қазіргі таңда полиция қызметкерлеріне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.

– Полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттеріне қатысты тексеріс жүргізілуде. Тексеріс нәтижесіне қарай құқықтық баға берілетін болады. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, – делінген хабарламада. 

Әйеліне шабуыл жасаған ер адамға қатысты кісі өлтіруге оқталу дерегімен қылмыстық іс қозғалды.



Қазір оқып жатыр

Алматы тау кластері: Қазақстан туризмінің болашағы қандай?

 Kazakh Tourism Development

Тоқаев Жеңіс Қасымбекті тағы да мақтады

.

Пойыз билеттері 30%-ға дейін арзандайды

Жолаушылар пойызы

«Бай-бағландар да, биліктегілер де келеді»: уролог ерлерге арналған операциялар туралы айтты

Decaf