USD
USD
USD

Жүкті әйелдер өлімі: Әлназарова Жамбыл облысының дәрігерлерін қатаң сынға алды

Жамбыл облысында жыл басынан бергі төрт айда ана өлімінің үш жағдайы тіркелген. 

Ақмарал Әлназарова
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Астана, NEGE. Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Министр медицина қауымдастығымен өткен жиында өңірдегі акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастырудағы кемшіліктерді қатаң сынға алып, әйелдер мен балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыру бойынша шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Оның мәлімдеуінше, жүргізіліп жатқан жұмыстар мен бақылау шараларына қарамастан, өңірде ана өлімі жағдайлары әлі толастамаған.

«Биылғы төрт айда облыста ана өлімінің үш жағдайы тіркелді. Босандыру қызметін көрсететін барлық ұйым тексерумен қамтылғанына қарамастан, халықтан медициналық көмектің сапасына қатысты келіп түсетін өтініштер мен шағымдар саны әлі де көп», – деді Ақмарал Әлназарова.

Ведомство басшысы ана өлімінің әрбір жағдайын жан-жақты талдап, жүйелі шешімдер қабылдауды тапсырды.

«Жүкті әйелдерді емдеу мекемелеріне бөлу, кадрлық қамтамасыз ету және бақылау мәселелеріне формальды түрде қарамай, пациенттерді барлық кезеңде үздіксіз медеициналық бақылауда ұстау қажет», – деді министр.

Бұл ретте медицина қызметкерлеріне жүктілік асқынуларын уақтылы анықтауды қамтамасыз ету, патронаждық бақылаудың сапасын арттыру тапсырылды.  Сондай-ақ медициналық ұйымдар басшыларының жеке жауапкершілігі күшейтілмек.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс