USD
USD
USD

Жүксалғышынан мәйіт табылған жүргізуші адамжегіш болып шықты

21 қарашада Ленинград облысында болған жол апаты кезінде жантүршігерлік оқиға мәлім болды, деп хабарлайды 47news сайты.

Жүксалғышынан мәйіт табылған жүргізуші адамжегіш болып шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Сол күні Санкт-Петербург маңындағы тасжолда Mitsubishi Galant көлігі жол шетіндегі қоршауға соғылған. Көлік соғылған кезде оның жүк салғышынан адамның басы мен омыртқа сүйегі түсіп қалған.

Үш күдікті оқиға орнынан қашып кетіп, кейін олар жедел іздестіру жұмыстары кезінде ұсталған. Олар көлік жөндеу орнының 50 жастағы қожайыны Аркадий Казинянның мәйітін алып бара жатқан. Ол қайтыс болғанға дейін достарымен бірге ішімдік ішкен екен.

Жауап алу кезінде ұсталғандардың бірі мұндай қылмысты алғаш рет жасап тұрмағанын айтқан. Ол соңғы рет адам өлтіргенде тіпті етін жеген. Яғни каннибализмді мойындаған.

23 жастағы Егор Комаров былтыр қыркүйекте 38 жастағы биржа брокеріне пышақпен шабуыл жасап, кейін тілін қалай пісіргенін айтып берді және көрсетті.

"Тіл қайнаған кезде дәмін көрдім, бірақ ұнамады. Мүмкін, денесінің басқа бөлігі болса ұнауы мүмкін еді", - дейді ұсталған адам. Жергілікті БАҚ жағдайды Квентин Тарантино мен Ганнибал Лектор туралы фильмдермен салыстырды.

Қазір оқып жатыр

Автогазға кезек: министрлік Маңғыстау мен Атыраудағы жағдайды түсіндірді

.

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич