USD
USD
USD

Жұқпалы аурулар стационарлары бірнеше деңгейге бөлінеді

Жұқпалы ауруханалар екі деңгейлі ағынға бөлінеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Жұқпалы аурулар стационарлары бірнеше деңгейге бөлінеді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Енді біз денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымын қайта қарастырамыз. Карантиндік ауруханалар болмайды, өйткені олар жатып емделуге бағытталған. Алдағы аптада провизорлық және жұқпалы стационарлар жақын арада бірінші және екінші деңгейлі ағымдағы деп бөлінетін жұқпалы аурулар стационары болып ауысады. Бірінші деңгей - жұқпалы аурулар ауруханалары, онда жасанды тыныс алу аппаратының саны артады және инфекциялық ауруларды емдейтін негізгі мамандар сонда болады. Екінші деңгей - салыстырмалы түрде аурудың жеңіл түрін емдейтін клиника болады», - дейді Алексей Цой.

Оның айтуынша, тест оң нәтиже көрсеткен науқастар мен осыған ұқсас диагнозы бар науқастар әртүрлі қабатта жатады. «Жоғары қабаттарда Covid-19 расталған науқастар жатса, астыңғы қабаттарда пневмониямен жатқан науқастар ауру деңгейіне қарай бөлініп жатады»,- дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады

Ит

Перизат Қайраттың түрмеде немен айналысатыны белгілі болды

Перизат Қайрат

Үш миллиардты бөлейік. ЦентрКредит басшылығының мотивациясы НЕГЕ керемет болды?

БЦК

Ақтөбе облысы әкімдігі ғимаратындағы өрттің алдын ала себебі айтылды

өрт