USD
USD
USD

Жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып кетті

  Шығыс Қазақстан облысында жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып кетті. 

Жүк тиелген 18 вагон рельстен шығып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлімет таратты. «2022 жылғы 3 сәуір күні 12 сағат 04 минутта Шығыс Қазақстан облысының Өскемен – Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті. Пойыз сағатына 37 км жылдамдықпен жүрген. Руда тиелген екі вагон  –  Ресей Федерациясының меншігі. Шлак тиелген тағы 16 вагон «КазцинкТемірТранс» ЖШС-не тиесілі», – деп жазылған ресми ақпаратта.

Ұлттық компания өкілдерінің айтуынша, оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. «Жолаушы және жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Болған жағдайдың себеп-салдарын тексеріп, анықтау үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшыларынан комиссия құрылды» деп жазады компанияның баспасөз қызметі. 

Қазір оқып жатыр

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі

30 маусымда қос Палатаның бірлескен қорытынды отырысы өтеді

Парламент