USD
USD
USD

Жүк пойызы рельстен шығып кетті

Шығыс Қазақстан облысының Алтай-Күмістау теміржол учаскесінде жүк тиелген 5 вагон рельстен шығып кетті. 

Жүк пойызы рельстен шығып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының ресми сайты жазды.

«2022 жылғы 8 сәуірде 10 сағат 35 минутта Шығыс Қазақстан облысының Алтай - Күмістау теміржол учаскесінде жүк пойызының 5 вагоны рельстен шығып кетті. Вагондар цемент тасымалдаған.

Бір вагон «КузбассТрансЦемент» ЖШҚ (Ресей Федерациясы) меншігі болса, қалғаны «Каспий Цемент» ЖШС-ге (Қазақстан Республикасы) тиесілі. Құрам 28 км/сағ жылдамдықпен жүріп келе жатқан», - деп жазылған сайтта.

«ҚТЖ»ҰК» АҚ дерегі бойынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

«Жолаушы пойыздары мен жүк пойыздарының кідірісі болған жоқ. Қазір учаскені қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вагондардың рельстен шығу себебі анықталуда», - деп жазылған ресми мәліметте.

Қазір оқып жатыр

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов