USD
USD
USD

Жүк пойызы 20-дан астам қой-ешкіні қағып кетті

Жүк пойызы жиырма шақты ұсақ малды басып кетті. 

Жүк пойызы 20-дан астам қой-ешкіні қағып кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ақмола облысы аумағында жүк пойызы темір жолда жайылып жүрген ондаған малды басып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға «ОП-96-Жайнақ» темір жол өткелінде болған. Жүк пойызының машинисі темір жолда малдың жайылып жүргенін байқап, тежегішті шұғыл басқанымен, тоқтап үлгермейді. 22 қой-ешкі өлген, ал пойыз 22 минут тоқтап тұруға мәжбүр болған.

«Нұр-Сұлтан станциясы Желілік полиция басқармасының қызметкерлері үй жануарларының иесін анықтады. Ол елорданың 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Мал иесіне ҚР ӘҚК 559-бабы 1-тармағымен темір жол аумағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - деп мәлімдеді департаменттен.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт