USD
USD
USD

Жүк пойыздарымен «серуендемек» болған Германия және Нидерланды азаматтары жауапқа тартылды

Жүк пойыздарымен “серуендемек” болған Германия және Нидерланды азаматтары жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жүк пойыздарымен «серуендемек» болған Германия және Нидерланды азаматтары жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызылорда облысы Шиелі станциясындағы желілік полиция бөлімшесіне “Әскерилендірілген теміржол күзеті” ЖШС қызметкерлерінен жүк пойызы вагондарының бірінде бөгде адамдардың бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Тексеру барысында көлік полицейлері 24 жастағы Нидерланды азаматы мен 25 жастағы Германия азаматын анықтады. Олар жүк пойызына қызық көріп, көңіл көтеру үшін мініп жүрген. Сондай-ақ маусым айының соңында аталған шетел азаматтарының елімізге туристік сапармен келгені анықталды.

Құқық бұзғандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 560-бабының 1-бөлігі (Жүк поездарында заңсыз жүрiп-тұру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

Көлік полицейлері вагондардың тепкiшектерiнде, төбесінде және адамдардың жүруіне бейімделмеген басқа да орындарда жол жүру қайғылы жағдайларға әкеп соқтыратынын еске салады.

Теміржол – аса қауіпті аймақ! Сондықтан әрбір азамат темір жол көлігінде жеке қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауы қажет.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты