USD
USD
USD

Жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды

АҚШ-тың Техас штатының Сан-Антонио қаласының шетінде тұрған жүк машинасынан 46 мигранттың мәйіті табылды. Тағы 16 адам ауруханаға жеткізілген. Олардың ішінде 4 бала бар.

Жүк көлігінен 46 адамның мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тірі қалғандардың аптап ыстықтан қатты зардап шеккені белгілі болды. Ал, жүргізушісі тастап кеткен көлікте желдеткіш жұмыс істемеген және ауызсу жоқ.

Қаза тапқандардың екеуі – гватемалалықтар, қалғандарының азаматтығы белгісіз.

Сан-Антони АҚШ-Мексика шекарасынан 250 шақырым жерде орналасқан. Адам саудагерлері үшін негізгі транзиттік жол осы қала арқылы өтеді.

Қылмыстық топтар құжаты жоқ мигранттарды Құрама Штаттарға тасымалдау үшін жүк машиналарын жиі қолданады.

Оқиғаға байланысты үш адам қамауға алынып, қазір олар тергеліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт